Түркістанда жағажай туризмі дамиды

0
519

Жағажайға төселетін топырақ таңдалды.


Түркістанда жағажай туризмі дамиды

Түркістандағы теңдессіз ескек есу каналына су келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандағы елімізде теңдесі жоқ ескек есу каналына су келеді. Өткен жылы құрылысы басталған жасанды көлге су "Кеңсай-Қосқорған" су қоймасынан жиналады. Сыйымдылығы — 2 млн м3. Олимпиадалық стандартқа сай орталық 100 гектар жерге жайғасқан. Түркістан қаласын дамытудың ІІ кезеңіне сәйкес облыс орталығының жан-жағы жасыл белдеумен көмкеріліп, бау-бақша аумағы артады. Шаһардағы құрылыс және абаттандыру жұмысын кезекті рет бақылап, қадағалаудан өткізген Өмірзақ Шөкеев осы бағыттағы іс қарқынын тоқтатпауды тапсырды.


"Түркістанда туристер қызығатын демалыс ошақтарын салу жалғасады. Шаһарымызда туризмді ғана емес, спортты да дамытуға мүмкіндік мол. Халықаралық стандарттарға сай салынып жатқан бұл кешен үш бірдей қызметі біріктіреді. Ең алдымен спортты дамытуға бағытталған және жағажай туризмін өркендетуге мүмкіндік береді. Әрі қаланың әкімшілік - іскерлік орталығындағы жасыл желекті суаруға пайдаланылады. Бұл нысандарының бәрі заман талабына сай, сапалы әрі ыңғайлы етіп салынуы тиіс", — дей келе Түркістанның спорт орталығына айналдыруға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.


Осы салаларға жауапты өкілдерге тиісті тапсырмалар беріп, әр істі жанашырлықпен атқаруды тапсырды. Алдағы мамыр айында Түркістанда салынып жатқан елімізде баламасы жоқ заманауи демалыс аумағындағы жасанды көлге "Кеңсай-Қосқорған" су қоймасынан су жинала бастайды.


"Түркістан" туристік-рекреациялық орталығында су спорты түрлерімен айналысуға арналған арнайы орындар пайда болады. Жалпы ауданы 85 га. жерде орналасатын ерекше кешеннің құрылысы үш кезеңде жүзеге асады. Мұндағы жасанды көлдің сыйымдылығы – 2,5 млн.м3. Жағажайға төселетін топырақ таңдалды.


Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа демалыс аймағы өңірге туристер мен инвестиция тартатын тағы бір орталыққа айналатынын атап өтті. Алдағы уақытта, жасанды көлдің жағалауында емдік қасиеті көп шағыл құммен қыздырынуға жағдай жасалады. Жағажайға арналған ағаштар отырғызылып, балалар демалыс аумағы салынады. Элиталық коттедждер мен қонақүйлер бой көтеріп, аквапарк, саябақтар мен гүлзарлар салынады. Айнала абаттандырылып, көгалдандырылады.