​Түркістанда жаңа 30 автобус бағытқа шығарылады

0
1 940

2019 жылы ұзындығы 8,8 метрлік 10 дана «Паз-Вектор» автобустарын «Даму» қоры арқылы алып, жыл соңына дейін 30-ға жеткізілуі жоспарланып отыр.


​Түркістанда жаңа 30 автобус бағытқа шығарылады

фото: Жанболат Қалаубай

Түркістанда қоғамдық бағыттардағы көліктердің нөмірі 1-ден 13-ке дейін, ары қарай 30, 31 нөмірімен жалғасады. №2, №4, №5, №6, №9, №31 бағытындағы қоғамдық көліктерде «А» таңбалы қосымша бағыттағы көліктер бар. Неге 14, 15 деп реттік санақ бойынша жалғастырылмаған, себебі қала қонақтары, тіпті тұрғындар осы мәселеге келгенде жаңылып жатады деген сауалға жауап іздеген ERNUR.KZ ақпараттық порталының өңірдегі тілшісіне Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі ММ-нің басшысы Байдулла Оразбековпен мәлім етіп,тиісінше төмендегідей мәліметтерді ұсынып отыр.

- Қала ішінде №3 бағыттың соңғы аялдамасы «Бекзат» мөлтек ауданында болғандықтан, аталған мөлтек ауданға баратын қоғамдық бағыттағы автокөліктер ұқсастырылып №30, №31 бағыты етіп ашылған болатын. Қоғамдық көліктердегі қосымша «А» таңбалы әріптер туралы сауалыңыз бойынша айтсам, қаламыз күннен күнге үлкейіп, халық саны көбеюде. Өзіңізге белгілі, қала тұрғындарының өтініштері бойынша бағыттарды ұзартып, екіге бөліп жүргізіп келеміз, - деді Байдулла Жұмадуллаұлы.

Осы жылы «Жолаушы» ЖШС мекемесі 2 «Паз-32054» және 2 «Паз-Вектор» автобустарын қоғамдық бағытқа шығарды. Келер жылы ұзындығы 8,8 метрлік 10 дана «Паз-Вектор» автобустарын «Даму» қоры арқылы алып, жыл соңына дейін 30-ға жеткізілуі жоспарланып отыр.