​Түркістанда жаңа зауыттың капсуласы салынды

0
905

Түркістанда металл конструкцияларын шығаратын зауыт бой көтереді.


​Түркістанда жаңа зауыттың капсуласы салынды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов «Turkistan» еркін экономикалық аймағына барып, аталған жаңа кәсіпорынның капсуласын салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өз сөзінде Р.Аюпов бұл жобаның әлеуметтік маңыздылығын айта келе, жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын кәсіпорын іске қосылса, еліміздің импортқа тәуелділігін азайтып, отандық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«ГАС-V» ЖШС-нің жобасы 2022 жылы қазан айында жүзеге асырырылады деп жоспарланған. Аталған кәсіпорын басшысы Ғалым Сыдықовтың айтуынша, жобаның құны 1500 млн. теңгені құрайды. Өндіріс аумағы 2,8 гектарды құрайтын зауытта 50-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Жұмысшылар арнайы дайындықтан өткізіліп, білікті мамандарға мүмкіндік беріледі. Кәсіпорында металл конструкциялары, пенопласт, үйдің қабырғасын қаптайтын жабындылар және құрылыс үшін маңызды өзге де заттар шығарылады.