Түркістанда «Жастар аллеясы» салынуда

0
2 233

Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, абаттандырылатын болады.


Түркістанда «Жастар аллеясы» салынуда

Түркістан қаласы аумағында бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқын алып, бірқатар нысандар бой көтеріп, келешекте қала сәулеті ажарлана түсетін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті.

Мәселен қаладағы бұрынғы «Селмаг» су қоймасының орнынан бой көтеретін «Жастар аллеясы» қала жастарының демалысы үшін тиімді әрі қолайлы орын болмақ. Мұнда спорт алаңдары (теннис корттары, волейбол, басткетбол алаңшалары) мен демалыс бастырмалары, субұрқақтар салынып, абаттандырылады.

Қазіргі таңда 3,3 гектар жерді құрайтын аллеяның аумағы тегістеліп, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ескі су қоймасының су құбырлары ауыстырылып, траншеялар қазылуда. Су бұрқақтар құрылысы бастылып, бетондау жұмыстары жүргізілуде. Демалыс орнының алдында арнайы автотұрақта салынатын болады.