Түркістанда жол салуда жаңа әдіс қолданылады

0
1 836

Түркістан қаласындағы бағыттарға электронды билет жүйесін 2018 жылдың соңына дейін орнату көзделуде.


Түркістанда жол салуда жаңа әдіс қолданылады

ERNUR.KZ. Түркістан облысында «Soil Grip» химиялық тұрақтандырғышын пайдаланып негізгі қабатты арнайы техникамен өңдеу технологиясы бойынша 203,6 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2018 жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстары жөніндегі брифингте айтып өтті.

Аталған әдіс дәстүрлі технологиямен салыстырғанда сметалық құны бойынша 15-25 пайызға дейін арзан. Сонымен қатар, жаңа материалдар (құмды шағыл тас) пайдаланбай-ақ, жолдың негізгі қабаттын нығайту және жүк көтергіш қабілетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма басшысының айтуынша өңірде көлік саласындағы цифрландыру да оң бағытта дамуда.

Қазіргі таңда ауданаралық, облысаралық тұрақтыбағыттарға қызмет көрсететін қоғамдық көліктер GPS жүйесімен жабдықталған.

Түркістан қаласы облыс орталығы болуына байланысты, қаланың көлік жүйесін жан-жақты дамыту мақсатында шаһардағы бағыттарға электронды билет жүйесін 2018 жылдың соңына дейін орнату көзделуде. Пилоттық жоба ретінде Түркістан қаласындағы бір бағытқа (№1 бағыт) электронды билет жүйесін осы жылдың үшінші тоқсанына дейін тестілеу жоспарланған.

Мұнан бөлек, автобустарды жаңалау, қоғамдық көліктерді газға ауыстыру, заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, туристік аймақтарды дамыту, облыс орталығы мен елді мекендерді тұрақты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Жол жөндеу жұмыстары бойынша үш бағытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нақыт айтар болсақ, Шымкент қаласынан Сайрам ауылы арқылы Қасқасу бағытына қатынайтын КХ-82 а/ж 83,8-103,3 шақырым аралығын қүрделі жөндеу; КХ-83 а/ж 0-8 шақырым, Шымкент-Ақсу бағытындағы КХ-97 а/ж, 10-18 шақырым аралығын қайта құру жұмыстары қолға алынуда, дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт.