Түркістанда жылу беру маусымы тоқтатылды

0
1 405

Қала әкімі Рашид Абатұлы қалаға түнгі бақылау жұмыстарын жасады.


Түркістанда жылу беру маусымы тоқтатылды

Түркістан қаласында бүгіннен бастап жылу беру маусымы тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Рашид Аюпов түнгі түнгі бақылау жұмыстарын жүргізіп, алдымен қоғамдық көліктердегі залалсыздандыру жұмыстарының талапқа сай жүргізіліп жатқандығын бақылап, оларға орнатылған GPS құрылғыларының жұмысын көрді.

Теміржол вокзалы мен аумағындағы аллеяның құрылыс жұмыстарын жүйелі жасау қала әкімінің назарында. Келушілерге жайлы жағдай жасау қажеттігі де ескертілген. Жуық арада жұмыстар аяқталып, пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, аталған орындарда COVID-19 індеті таралуының алдын алу шараларын да жіті тексерді. Залалсыздандыру, тазалық сақтау, антисептиктер мен медициналық бетперделердің ондай орындарда болуы қажеттігін айтты.
Рейд барысында дүкен, тойхана, кафелердің уақытылы жабылуын қадағалау барысында бір дүкеннің жұмыс жасап жатқандығы белгілі болып, полиция тарапынан ескерту берілді.
Ал, көпқабатты үй иелері үшін "Жылу" мекемесі кеше тұрғындарды соңғы күн жылуымен қамтамасыз етті. Яғни, бүгіннен бастап жылу беру тоқтатылады. Мекеме қорындағы 327 тонна көмір үнемделді.
Келесі маусымнан бастап Түркістандағы жылу жүйесінде қатты отыннан сұйық отын, яғни, газбен іске асатын 3 қазандық болады. Нәтижесінде, денсаулыққа және экологияға оң әсерін тигізбек.