Түркістандағы бірқатар нысандардың құрылысы жақында аяқталады

0
763

Ө.Шөкеев жұмысшыларға бірнеше тапсырма берді.


Түркістандағы бірқатар нысандардың құрылысы жақында аяқталады

Облыс басшысы Түркістандағы бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығы Түркістан қаласындағы құрылысы аяқталған нысандардың жұмыс барысын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ең алдымен жұмысшылардың сақтық, қауіпсіздік шараларын сақтауын тапсырды. Оған қоса, бекітілген барлық талаптарды қатаң сақтауды және құрылыстың бәсеңдемеуін міндеттеді.

Ең бірінші аймақ басшысы барған Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу және жиһаз орнату жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, Конгресс холл көпсалалы ғимаратының құрылысы да аяқталуға жақын қалған. Концерттік залының жалпы ауданы 3,1 га болса, ғимараттың ішкі аумағы 12000 шаршы метрді қамтиды.

Сонымен қатар, облыс басшысы тұрғын үйлер мен әлемдік талапқа сай бой көтерген «RIXOS» және Хэмптон қонақ үйлері, Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарын тексерді. Өмірзақ Естайұлы құрылысқа атсалысып жатқан шетелдік компания жетекшілерімен кездесіп, жұмыс барысындағы бірқатар өзгерістерді талқылады.