Түркістандағы даңғыл бойына темір қоршау қойылды

0
1 081

Жүйе халық көп шоғырланатын аумақта жол қозғалысы тәртібінің ретке келуіне септігін тигізеді.


Түркістандағы даңғыл бойына темір қоршау қойылды

Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылының бойына темір қоршау орнатылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығындағы Тәуке хан даңғылы бойынан орталық базар аумағындағы жол кептелісін азайтып, қауіпсіздікті жандандыру үшін темір қоршаулар қойылды.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қолға алынған жүйе халық көп шоғырланатын аумақта жол қозғалысы тәртібінің ретке келуіне септігін тигізеді деп жоспарлап отыр.