Түркістандағы мектептер мен денсаулық сақтау нысандары екі есеге артады

0
1 037

Қазір қала бойынша 166 орынға арналған қонақ үйлер бар болса, 2035 жылға дейін оны 2200 орынға жеткізуіміз керек. Инфрақүрылымда соған сәйкес жүргізіледі.


Түркістандағы мектептер мен денсаулық сақтау нысандары екі есеге артады

Түркістанда 2050 жылға дейін мектептер мен денсаулық сақтау нысандары 2 есеге өседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау, Қызылорда, Шәуілдір бағытына қосымша жерлер қосылып, онда көп қабатты тұрғын үйлер мен қонақ үйлер салынатын болады.

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Түркістанда алтыншы шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы айтып өтті.
Онда Түркістан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен және қаланың Бас жоспары бекітілді.
С.Ибадуллаев төрағалық еткен сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
"Бүгін облыстық мәслихат депуттарының қолдауымен Түркістан қаласына қатысты екі маңызды құжат қабылданды. Қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы мен бас жоспары сессияда қаралды. Елбасының, ҚР Президенттің тапсырмасымен стратегия дайындалған болатын. Ол үш кезеңнен тұрады. 2025 жылға дейін қала халқының саны 250 000, 2035 жылға дейін 350 000 жетеді деген болжам бар. Туристер саны да екі есеге өседі. Соған сәйкес мектептер мен денсаулық сақтау нысандарын екі есеге көбейтеміз. Қазір қала бойынша 166 орынға арналған қонақ үйлер бар болса, 2035 жылға дейін оны 2200 орынға жеткізуіміз керек. Инфрақүрылымда соған сәйкес жүргізіледі. Жер көлемі де артады. Кентау, Қызылорда, Шәуілдір бағытына қосымша жерлер қосылды. Онда көп қабатты тұрғын үйлер мен қонақ үйлер салынатын болады", – дейді қала әкімі Рашид Аюпов.