​Түркістандағы оқу орнына жаңа нұсқадағы Елтаңбаны табыс етті

0
2 330

ҚР Елтаңбасының авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков Түркістанға келді.


​Түркістандағы оқу орнына жаңа нұсқадағы Елтаңбаны табыс етті

Түркістанда «Астана.Президент.Тәуелсіздік» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шараны Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Ш.Уалиханов атындағы тарих және Этнология институты ҚР БҒМ ғылым Комитеті елорданы Алматыдан Ақмолаға (Астанаға) көшірудің 20 жылдығына арнап және Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орайластырып ұйымдастырды.

Конференция жұмысына көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар, белгілі мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, шет мемлекеттердің Төтенше және Өкілетті елшілері сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдар өкілдері мен этномәдени орталықтар мен Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өкілдері қатысты.

Іс-шаралар аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Қабылдиновтың «Астана тарихы» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасының тұсауы кесілді.

Конференцияның ашқан оқу орнының президенті Б.Серікбайұлы маңызы мен міндеттерін түсіндірді.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібеков жаңа нұсқадағы Елтаңбаны университет президенті Б.Абдрасиловке салтанатты түрде табыстады.

Айта кетерлігі, Елтаңбадағы жазу латын қарпінде жазылған. Көрсетілген құрметке жиналған көпшілікте орындарынан тұрып қошемет көрсетті.