​Түркістандағы сауда орнына келушілер дәрігерлік тексеруден өтті

0
1 448

Дәрігерлер мен болашақ медицина мамандары тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.


​Түркістандағы сауда орнына келушілер дәрігерлік тексеруден өтті

Түркістан қаласында облыстық денсаулық сақтау басқармасының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Біз салауатты өмір салты үшін» атты акция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Sulpak» сауда кешенінде ұйымдастырылған шарада тәжірибелі дәрігерлер (эндокринолог, офтальмолог, зертханашы, терапевт және т.б.) қабылдау жүргізді. Сауда кешеніне келушілері өздеріне қажетті заттарын алып қана қоймай, сонымен бірге дәрігерлердің кеңестеріне жүгініп, тексеруден өтуге мүмкін алды.

Шара аясында медициналық колледж студенттері әр түрлі флешмобтарды көрсете отырып, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, таңертеңнен кешке дейін дене белсенділігімен айналысу, қоршаған ортаны құрметтеу және басқа да факторлар әр адамның өмірінде маңызды рөл атқаратыны жөнінде кең көлемде мәліметтер берілді.

Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Б.Жүзжасаров облыс тұрғындарының денсаулығы әрдайым мықты болуы керектігін айтып, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортпен шұғылдануға шақырды.