Түркістандағы жаңа университет талапкерлерге 800 грант ұсынды

0
1 552

Оның ішінде туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандықтарына ерекше көңіл бөлініп, 700 грант бөлінген.


Түркістандағы жаңа университет талапкерлерге 800 грант ұсынды

фото: ашық дереккөзден

Түркістандағы жаңа ЖОО талапкерлерді күтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында тұңғыш Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бүгінде жаңа оқу ордасы жас талапкерлер үшін 2020-2021 оқу жылына 800 грант бөліп отыр. Оның ішінде туризм, мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандықтарына ерекше көңіл бөлініп, 700 грант бөлінген.

Байланыс номерлері: +7 (777) 649-74-81, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192- 26-91. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі №5 (Амфитеатр), Қабылдау комиссиясы.

Айта кетейік, рухани астанадағы бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр. Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындайтын болады. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды. Сондай-ақ, түлектер тәжірибесін БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады. Аталған университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді. Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар.