Түркістандағы жәрмеңкеге 45 тонна өнім қойылды

0
549

"Алтын бұлақ" автобекеті сауда ордасына айналды.


Түркістандағы жәрмеңкеге 45 тонна өнім қойылды

Түркістанда кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеше Түркістан қаласындағы "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен кезекті сауда алаңында Кентау қаласы, Ордабасы ауданы және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен қала кәсіпкерлерінің өнімдері сауда сөресіне қойылды.

Атап айтсақ, картоп 80-90 тг, пияз 50 тг, жылқы еті 1800 тг, сәбіз 70 тг, қырыққабат 60-65 тг, қауын, қарбыз бен асқабақтың бір келісі 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200, алма 120-200, қызанақ 70-100 тг аралығы, қияр 120 теңгеден сатылды.

Айта кетейік, әр апта сайын ұйымдастырылып келе жатқан жәрмеңкеде өткен аптада Сарыағаш, Бәйдібек аудандары және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылған еді. Ол кездегі жағдай бойынша, картоп бағасы 80-90 тг, пияз 45 тг, жылқы еті 1800 тг, сәбіз 70 тг, қырыққабат 60-65 тг, қауын, қарбыз, асқабақ бір келісі 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200, алма 120-200, қызанақ 70-100 тг аралығы, қияр 120 теңгені құраған. Жалпы, бұл жәрмеңке аясында 40 тоннадан астам өніп толықтай сатылып еді.