Түркістандағы жылу қазандықтарының жұмысы тексерілді

0
314

Көпқабатты 155 тұрғын үй орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.


Түркістандағы жылу қазандықтарының жұмысы тексерілді

Түркістан қаласының әкімі жылу қазандықтарының жұмысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жылу қазандықтарын аралап, олардың жұмысын тексерді.


Бүгінде жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлердің жылуы қатаң қадағалануда. Қала бойынша І мөлтек ауданда - 58, ІІ мөлтек ауданда - 15, "ТГЖД" аумағында - 2, "Отырар" мөлтек ауданында - 38, Әкімшілік-іскерлік орталығында - 42, жалпы көпқабатты 155 тұрғын үй (7798 пәтер) орталық жылу қуатымен қамтамасыз етілген.


Сондай-ақ, І мөлтек ауданда 28 бюджеттік мекеме ғимараты мен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғалардың үйі, 52 жер телімді тұрғын үй және Мәдени-рухани орталығында 11 нысан орталық жылу қуаты арқылы жылытылады. Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің ішкі инженерлік коммуникациясы толық іске қосылғанша арнайы 2 мобильді жұмыс штабы құрылған болатын.


Нұрбол Әбдісаттарұлы бүгін штабқа арнайы барды. Ескертусіз барған қала басшысы мұндағы бірқатар кемшіліктерді көріп, жауапты мамандарға ескерту жасады.


Мобилды топта барлық мекеме (электр энергия, ауыз су мен кәріз, газ жүйесі, жылу энергиясын жеткізуші, құрылыс жұмысын жүргізуші мердігер, құрылыс бөлімі, сектор) мамандарының түгел болуын және ауысым тәртібін реттеуді қамтамасыз ету бойынша тапсырма беріп, штаб жұмысын жеке бақылауда ұстайтынын ескертті.