​Түркістандық 5 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды

0
2 062

Отырыста 10 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралды.


​Түркістандық 5 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолдану ұсынылды

Түркістан облысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңес отырысында 10 лауазымды тұлғаның тәртіптік ісі қаралып, отырыс қорытындысымен 5 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылып, ал қалған 5 қызметкерге қатысты тәртіптік іс өз дәлелін таппауына байланысты тоқтатылды.

Жаза қолдану ұсынылған лауазымды тұлғалардың қатарында жер учаскелеріне сауда-саттық арқылы құқық табыстау барысында Қағида және Қазақстан Республикасының Жер саласындағы заңнама талаптарын сақтамай мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Түркістан қаласының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Усенбаев Қыдырбай Бердибаевичке «атқаратын қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Ал, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін 4 лауазымды тұлғаға, яғни, Кентау қаласының Шорнақ ауылдық округі әкімі Ермаханов Оразали Мусабековичке, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаніс-әрекеті үшін «қатаң сөгіс», Ордабасы аудандық білім бөлім басшысы Нурабаева Шуга Тумаханбетовнаға мемлекеттік сатып алу барысында әлеуетті өнім берушіге жұмыс тәжірибесі бойынша шартты жеңілдіктер берілмегені үшін «сөгіс», Кентау қаласының Қарашық ауылдық округ әкімі Айтметов Фуркат Ирскуловичке қызметтік әдепті сақтамай, дөрекілік әрекеті үшін «сөгіс», сондай-ақ Кентау қаласының Ескі Иқан ауылдық округі әкімі Муслимов Хасан Алихановичке Еңбек кодексінің талаптарын сақтамай, әлеуметтік қызметкерді жұмыстан босатқаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.