Түркістандық әкім халықтың мәселесін бірінші кезекте шешуді тапсырды

0
1 860


Түркістандық әкім халықтың мәселесін бірінші кезекте шешуді тапсырды

Түркістан облысындағы жақында құрылған Келес ауданының әкімі А.Есбаев және аудан прокуроры Б.Сейфолла "Бірлесу" және "Жүзімдік" ауылдық округтеріне барып халықпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Келес ауданының әкімі А.Есбаев және аудан прокуроры Б.Сейфолла қасына тиісті сала мамандарын ертіп, Бірлесу және Жүзімдік ауылдық округтерінде орналасқан білім мекемелерінде болып, мектептің жалпы қысқы маусымға дайындығын тексерді. Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, оқушылар арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын-алу, оқушылардың сапалы әрі ыңғайлы білім алу үшін мектеп басшылығымен және ұстаздар қауымымен кездесу өткізіп, білім ордаларының қызметкерлерінің сұрақ-ұсыныстарын тыңдады.

Ауылдық округ аумағын аралау барысында аудан әкімі және аудан прокуроры халықпен кездесу үшін, Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №87 «Жуантөбе» жалпы орта мектебіне, кейін Жүзімдік ауылдық округіндегі №86 «Ш.Уәлиханов» атындағы жалпы орта мектепке ат басын бұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Халықпен кездесу барысында әлеуметтік салалар, ауыл аумағын абаттандыру бойынша сұрақтарын қойып, аудан әкімі және аудан прокуроры тарапынан тиісті жауаптарын алды.

Аудан басшы жиыннан соң тұрғылықты жердегі әкімішілік басшыларын тапсырма беріп халықтың мәселесін бірінші орынға қою керек екенін атап өтті.