​Түркістандық әкім: Ұсақ құқық бұзушылық қоғам тыныштығын бұзады

0
1 929

Өз бетінше жер учаскесін қоршап алған 40 азаматқа тиісті шаралар көрілген,


​Түркістандық әкім: Ұсақ құқық бұзушылық қоғам тыныштығын бұзады

Жыл басынан бері Түркістан облысында тәртіпке бағынбаған жетісайлық 73 азаматқа ӘҚБтК-нің 434-бабы (434-бап. Ұсақ бұзақылық) бойынша, 595 тұлғаға ӘҚБтК-нің 505-бабы (505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша хаттамалар толтырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Біз қоғамдық тәртіпсіздіктерге нөлдік төзімділікті қалыптастырумыз, кез-келген ұсақ құқық бұзушылықтардың жазасыз қалмауына және мәдениетсіздік пен бассыздыққа жол бермеуге баса мән беруіміз қажет. Ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені – осының өзі қоғам тыныштығын бұзады және өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Біз осы мәселелерді тұрғындарға түсіндіріп, бірлесе жұмыс істеуге барынша әрекет жасап жатырмыз», - дейді Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Есенбеков.

Мұнан да басқа Жетісай қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерді модернизациялаудан өткізу жұмыстарының нәтижесінде Т.Жүргенбаев, А.Байтұрсынов, Ш.Айманов, Амангелді, Б.Момышұлы және Жастар көшелеріндегі бірқатар кәріз жүйелеріне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің көшелердегі әжетханалары бұзылып, өз бетінше жер учаскесін қоршап алған 40 азаматқа тиісті шаралар көріліпті.

Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам екендігін басты назарда ұстау тек биліктің хана емес, халықтың да жадынан шықпауы тиіс.