Түркістандық әкім: «Жұмысты ұйымдастыра білмегендер орындарын босатсын»

0
1 251

Аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдер және 2 кент, ауылдық округ әкімдіктерінің штаттық құрылымы аудан әкімінің қаулысымен қайта бекітілген.


Түркістандық әкім: «Жұмысты ұйымдастыра білмегендер орындарын босатсын»

ERNUR.KZ. Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақтаарал ауданы әкімінің аппаратында аудандық дербес бөлім басшылары және 2 кент, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.

Жиында баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков ең алдымен орындалған тапсырмаларды атап өтті. Хаттамалық тапсырмаларға сәйкес, «Мақтаарал әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі әзірленіп, бекітілген. Сондай-ақ, аудан аумағын бөлу жолымен «Мақтаарал» және «Жетісай» аудандарының құрылуына орай мемлекеттік қызметкерлерге хабарлама жобасы әзірленіп, таныстырылған. Аудан әкімі аппаратының, дербес бөлімдер және 2 кент, ауылдық округ әкімдіктерінің штаттық құрылымы аудан әкімінің қаулысымен қайта бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтары әзірленген.

Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков мерзімінен кешіккен тапсырмалардың орындалу барысы туралы да баяндады. Өз кезегінде аудан әкімі Б.Асанов жауапсыздық танытып, жұмысына немқұрайлы қараған басшыларға ескерту жасап, берілген тапсырламаларды уақытылы әрі сапалы орындап отыру керектігін айтты.

«Мен тағы қайталап айтамын. Егер, жұмысты ұйымдастыра білмесеңіздер, берілген тапсырмаларды уақытылы орындай алмасаңыздар орындарыңызды босатыңыздар. Қаншама халық бізге қарап отыр. Біз олардың талап-тілегін орындап, ауданды көркейтіп, барынша дамытуымыз керек» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Сонымен қатар, жиын барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Б.Мамбетов өткен аптада ұйымдастырылған сенбіліктің нәтижесі туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының ахуалы туралы аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Б.Анарбеков есеп берді. Ал, сөз кезегін алған аудан әкімі аппараты жалпы бөлімнің басшысы Д.Асабаев аудан әкімінің тұрғындарды жеке қабылдау шараларын ұйымдастыру барысы және кіріс-шығыс құжаттарының айналымы туралы баяндады.