​Түркістандық ақсақалдар 1 млн ағаш отырғызу ісін қолға алды

0
3 717

Ағаштарды күтіп баптау ісіне қала билігі қолдан келгенше көмек көрсететін болады.


​Түркістандық ақсақалдар 1 млн ағаш отырғызу ісін қолға алды

Түркістанда келер жылы 1 млн. түп ағаш көшеті егіледі. Жаңа облыс орталығын жасыл қалаға айналдыратын бұл бастаманы облыстық ақсақалдар алқасы қолға алып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығын көгалдандыру ісіне ақсақалдар алқасы қала тұрғындарын толықтай жұмылдырмақ ниетте. Келер жылдан бастап қаладағы әрбір мөлтек ауданда учаскелік комитет төрағалары тағайындалып, олар өз аумақтарының тазалығы мен тыныштығын бақылайтын болады. Ақсақалдар алқасының бұл игілікті бастамасына қала билігі де қолдау көрсететін болды.

Бүгінде 170 мыңнан астам тұрғыны бар Түркістан қаласында 40 мың үй мен 900-дей көше бар. Алдағы уақытта сол көшелер 7 мөлтек ауданға бөлінеді. Сөйтіп, әр ауданға учаскелік комитет төрағасы, ал көшеге көше ағасы тағайындалады. Бүгінде ол жұмыстың барлығы халықтың дауыс беруі арқылы шешілген. Алдағы мақсатта айқын.

«Түркістан облыстық ақсақал даралқасы Түркістан қаласынан рухани жаңғыруды іс жүзінде жүзеге асырайық деген бастама көтерді. Түркістанды 7 мөлтек ауданға бөлдік. Оған төрағалар сайладық, орынбасарлар сайладық. Барлығын халықтың өзі сайлады», - дейді Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов.

Қала тазалығы мен тәртібін жақсарту мақсатында алқа мүшелері арнайы жол картасын әзірлеген. Жоспар бойынша келер жылдан бастап әрбір үй өз ауласына 2, ал мекемелер 10-15 түптен ағаш көшетін отырғызуы тиіс. Сонымен қатар, оның өнуін де бақылауда ұстайтын болады. Атқарылатын шаруаның барлығын ақсақалдар кеңесі бақылауда ұстаса, ағаштарды күтіп баптау ісіне қала билігі қолдан келгенше көмек көрсететін болады.