Түркістандық әншілер ауруханаға 6 оттегі концентратын тарту етті

0
634

42 дана оттегі концентратын тарту еткен.


Түркістандық әншілер ауруханаға 6 оттегі концентратын тарту етті

Бәйдібектік жомарт жандар ауруханаға препараттар сыйлады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздегі коронавирус індетімен халқымыз жұмыла күресіп, әр өңірдің қайырымды жандары қолдан келген көмектерін аямауда.

Солардың бірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданының азаматтары, жерлестеріміз эстрада әншісі Таңат Мамырханұлы мен кәсіпкер Нұрбол Смайлов аудандық орталық ауруханаға 6 дана оттегі концентратын тарту етті. Қайырымдылық шараға аудан әкімінің сала бойынша орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Т.Дүйсенбеков арнайы қатысып, жомарт жандардың ұйымдастыруымен жүзеге асып отырған игі іс көпке үлгі екендігін айтып аудан халқы мен аурухана қызметкерлері атынан алғыстарын білдірді.

Кәсіпкерлердің тарту еткен 6 дана оттегі концентратын аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлдария Әбілдабекқызы қабылдап алды.

Жалпы бүгінгі күнге дейін туған жері мен елі үшін сауапты іс жасап отырған ауданның жомарт жандары Бәйдібек аудандық орталық ауруханаға 42 дана оттегі концентратын тарту етті.

Аудан басшылығы мен дәрігерлер қауымы аталған азаматтарға алғыс білдіреді.