Түркістандық ардагерлер марапатталды

0
1 485

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыстады.


Түркістандық ардагерлер марапатталды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов "Жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл" мерекелік төсбелгісімен марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған медальді қала басшысына Түркістан қалалық Қорғаныс істері басқармасының бастығы Нығмет Ахметұлы табыс етіп, қорғаныс саласы қызметкерлеріне көрсетіп жүрген қолдаулары үшін алғыс білдірді.

Қала әкімі Рашид Абатұлы өз кезегінде Түркістан қаласындағы жастарға үлгі болып, зейнет жасына қарамастан, қоғамдық істерде шет қалмай жүрген ақсақал азаматтарды ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыстады.

Өскелең ұрпақ пен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосып жүрген азаматтардың ел дамуы мен көркеюінде оразан-зор үлес қосып жатқандығын шаһар басшысы ерекше атап өтті. Әсіресе, қала қорғанысы мен қауіпсіздігінде азаматтардың ооны ерекше екендігін жасырмады. Одан өзге, аталған басқарма жыл басында пандемия өршіген сәтте блок-бекеттерде үздіксіз қызмет еткендігін ерекше айтып, тұрғындар денсаулығын өздерінен жоғары қойғандары үшін алғыс білдірді.