Түркістандық аудан, қалалардың жастары жұмыспен қамтылады

0
1 246

Қазір «Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компанияларымен келіссөздер жүріп жатыр.


Түркістандық аудан, қалалардың жастары жұмыспен қамтылады

илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістандық жастар Жастар жылында қолға алынатын жаңа жобаларды жүзеге асырмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz порталына сілтеме жасап.

Елбасы Жарлығына сәйкес жастарға әлеуметтік қолдау масқатында биылғы жылы Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы 500-ден астам жұмыссыз азаматты Түркістан қаласында салынып жатқан құрылыс жұмыстарына тарту көзделіп отыр. Олардың қатарынан«Түркістан жастар құрылыс жасағы» құрылып, мердігер компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Жастар жылына орай наурыз айынан бастап жыл соңына дейін «Аудан жастарының Түркістанға тартуы» атты апталығы ұйымдастырылып, 1000-нан астам мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, биыл «Түркі жастарының конгресін» және «Орта Азия жастарының форумын» өткізу көзделген.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында жастардың саны 501 мыңнан асады. Оның ішінде қала жастары 86 мың болса, ауыл жастары 415 мыңға жуықтайды. Соның ішінде,«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жыл сайын 1275, «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 913 жастар тұрақты жұмыс тауып, 314 маман баспаналы болып отыр.