Түркістандық ауданның ет өнімдері шет елдерге экспортталады

0
3 079

Жалпы, өткен жылы мал шаруашылығында 37, 8 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.


Түркістандық ауданның ет өнімдері шет елдерге экспортталады

Ет өнімдерін экспорттаудан Сайрам ауданы көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, 2018 жылы Түркістан облысы Сайрам ауданында ауылшаруашылығы саласында 63 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Одан алдыңғы жылы өнім көлемі 54,3 млрд. теңгені құраған болатын. Яғни, өсім 4%-ды құрап отыр.

Сондай-ақ, өткен жылы 52 288 гектар егістік жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, 123 946 тонна көкөніс, 60 200 тонна картоп, 18 100 тонна жеміс-жидек, 34 200 тонна бидай, 3200 тонна арпа және 8056 тонна мақсары жиналып алынған. Сонымен қатар, 5,2 гектар жерге жылыжайлар салынып, 1263, 6 тонна ет өнімдері шет мемлекеттерге шығарылған.

дереккөз: Сайрам ауданы әкімінің баспасөзі