Түркістандық ауылдарда атқарылып жатқан жұмыс көп

0
544

Әрбір үйдің ауласы гүлзарларға айналып отыр.


Түркістандық ауылдарда атқарылып жатқан жұмыс көп

Төлеби ауданындағы ауылдар көркейіп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Мәдени елді мекеніндегі Бәйшешек көшесі бойында жарықтандыру және аяқ жолдардың құрылысы жүргізіліп жатса, С.Тлеуов көшесіне жаңадан тротуар төселді. Сондай-ақ, осы елді мекенге топтасқан «Қаратөбе» су қоймасынан келетін ашық су көздері арқылы ауызсу мәселесі шешімін тапқан.


Одан бөлек, Жаңаталап көшесіне жаңадан жол төселсе, Сарқырама елді мекеніне кіре берістегі қоршауларға ауыл көркіне ажар беру мақсатында табиғатының көріністері, аңдардың, құстардың суреттері салынып, нақыл сөздер жазылған. Сонымен қатар, Д.Қонаев көшесінің бойындағы тұрғын үйлерге жеке кәсіпкердің демеушілігімен біркелкі қасбеттер жасалып, әрбір үйдің ауласы гүлзарларға айналып отыр.