​Түркістандық автобустарға GPS құрылғысы орнатылып, билеттер электронды сатылымға көшіріледі

0
1 721

Осылайша автобустардың жол жүру картасы және уақытылы аялдамаларға келуі, жол жүру графигі бақылауға алынады.


​Түркістандық автобустарға GPS құрылғысы орнатылып, билеттер электронды сатылымға көшіріледі

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысы реттелуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс орталығындағы қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты таңғы 07.00-ден кешкі сағат 19.30-20.00-ге дейін созылады. Себебі, қаладағы жұмыс істейтін мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің жұмысының аяқталу уақыты 18.00 мен 19.00-ді құрайды. Бұл өз кезегінде 20.00-ге дейін тұрғындардың басым көпшілігінің үйлеріне қайтуына мүмкіндік береді.

Түркістан қаласы әкімдігінің «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі ММ-нің басшысы Байдулла Оразбековтің айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көліктерді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Болашақта автобустарда билеттерге тек электронды түрде сатылым болады. Жолаушылар билетті ұялы телефон арқылы алуға қол жеткізеді.

Сондай-ақ, барлық автобустарға GPS құрылғысын орнату жоспарлануда. GPS құрылғысын орнатумен автобустардың жол жүру картасы және уақытылы аялдамаларға келуі, жол жүру графигі бақылауға алынады. Автобустардың аялдамаларға тоқтамай кетуі немесе белгіленбеген орындарға тоқтауына GPS құрылғысын орнату арқылы тосқауыл қойылатын болады.