Түркістандық азамат 150 оқушыға көмек көрсетті

0
484

Облыс бойынша 778 балаға көмек берілді.


Түркістандық азамат 150 оқушыға көмек көрсетті

Түркістандық жомарт жан «мектепке жол» акциясы аясында 150 оқушыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестік өкілдері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына бір кісідей жұмыла кірісіп, қолдау көрсетуде.


Аталған акция аясында облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, «Үлес» қайырымдылық қорының төрағасы Райымжан Қошқаров әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектеп мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға демеушілік етіп, ізгі іс жасады.


Бүгінгі қайырымдылық шарасында кәсіпкер жағдайы төмен, көпбалалы отбасында тұратын, яғни 150 оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын (дәптерлер, қалам, сызғыш, церкуль, бояу, түрлі түсті қалам, түрлі түсті журнал, сурет дәптер, қалам ұштағыш, желім т.б.) үлестіріп, ұрпақ болашағы үшін айрықша белсенділік танытты.


Еске салсақ, биыл 1 тамызда басталған «Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара өңір тұрғындарын мұқтаж жандарға қолұшын созуға шақырады.


Акцияның 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 млн. 309 мың теңгеге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілді. Сонымен қатар акция шеңберінде көпбалалы отбасылардың барлық балаларына мейлінше көмек көрсету көзделіп отыр.