Түркістандық азамат мемлекеттік грант алып, цех ашты

0
600

555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алған.


Түркістандық азамат мемлекеттік грант алып, цех ашты

Келестік азамат мемлекет қолдауымен кәсібін бастады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны Ергеш Бексұлтан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жоспарын жүзеге асырды. Бұған дейін тұрақты жұмыс таппай қиналған ол, 555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, тігін цехын ашты. Қазіргі таңда, жас кәсіпкер автокөліктің орындықтарына арналған құндақ тігумен айналысып келеді.

«Мен бұл істі 6 ай бұрын бастадым. Бұл кәсіпті қолға алған себебім, мұнымен айналысатындар жоқтың қасы. Сондықтанда қазір өнімге деген сұраныс жоғары. Ал, қазіргі жұмсақ жиһаз жасауды да үйреніп, тапсырыстар қабылдап жатырмын. Мемлекеттің бағдарлама арқылы алған қаржыма қажетті құрал-жабдықтар мен шикізаттар сатып алдым», – дейді он саусағынан өнер тамған Ергеш Бексұлтан.

Жас кәсіпкердің ендігі жоспары кәсібінің ауқымын кеңейту және жанына 2-3 маманды жұмысқа қабылдап, өнім көлемі мен өнімді тарату аймағын арттыру.