Түркістандық азамат мемлекеттік қолдаудың арқасында цех ашып алды

0
699

Шұлықтың 20-ға жуық түрін дайындап, сатылымға шығаруда.


Түркістандық азамат мемлекеттік қолдаудың арқасында цех ашып алды

Кентаулық азамат мемлекеттік қолдаудың арқасында шұлық шығаратын цех ашып алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны Әлішер Ерметұлы Қарнақ ауылынан "QARNAQ TEXTILE" деп аталатын цехты іске қосты. Бүгінде кәсіпорын әртүрлі жыл мезгіліне арналған шұлықтың 20-ға жуық түрін дайындап, сатылымға шығарып жатыр. Жақында ғана жұмысын бастаған цех әзірге күніне 200 дана шұлық өндіреді.

Атап айтсақ, кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның көмегімен 4 млн. теңге жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, сол қаржыға Қытай елінен соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Қазіргі таңда дайын өнімді Кентау, Түркістан базарларында сатып жатыр.

Кәсіпкер нарықта тауарға деген сұраныстың жоғары екенін айтады. Сондай-ақ, өнімге қажетті шикізат шет мемлекеттен тапсырыспен жеткізілетінін жасырмады. Алдағы уақытта мекеменің ауқымын кеңейтіп, қажетті заттардың барлығын өздері дайындап шығаруды жоспарлап отыр.

Одан бөлек, цех басшысы жылыжай шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Кәсіпкер негізінен қияр мен қызанақ егумен айналысады. Көктем айларында 20 тоннаға жуық қияр өндірген шаруа, күз мезгілінде де осы шамада қызынақ өнімін алуды жоспарлап отыр.