Түркістандық азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

0
581

Одан бөлек мазаратты қоршап, мешітте жөндеу жұмыстарын жүргізген.


Түркістандық азаматтар жалғызбасты анаға баспана сыйлады

Келестік азаматтар жалғызбасты анаға баспана тарту етті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Қазақстан ауылының 1983 жылғы азаматтары жалғызбасты анаға баспана тарту етті. Жаны жомарт жандар мұндай игі істі мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ұйымдастырып отыр.

Атап өтсек, бес баланың анасы Қ.Салимбаева баспана ала алмай келе жатқанына бірнеше жыл болған. Ол осындай қуанышқа кенелтіп отырған №33 Жуантөбе жалпы орта мектебінің түлектеріне ерекше алғыс білдірді.

«Әрбір азамат өз еліне, туған жеріне қашанда қамқорлық танытып жүруі керек деген ойдамыз. Әсіресе, қазіргідей індет әбігерге салып жатқанда жаны жомарт жандар бірлесіп мұқтаж азаматтарға қол ұшын созып тұрса, елдігімізді көрсетер еді», – дейді Жуантөбе мектебінің түлектері.

Бұдан бөлек, аталған білім ұясының түлектері қаржы жинап, ауылдық округ аумағындағы мазараттың 250 шаршы метр аумағын қоршап, ауылдағы орталық мешіттің ауласы мен кіре беріс бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізген.