Түркістандық БАҚ қызметкерлері марапатталды

0
665

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.


Түркістандық БАҚ қызметкерлері марапатталды

Түркістанда мереке қарсаңында БАҚ қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Конгресс холл ғимаратында мерекелік іс-шара өтті. Өңірдің ақпарат саласының үздіктері бас қосқан жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында ақпарат саласына еңбегі сіңгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен «Оңтүстік Қазақстан» газеті Бас редакторының 1-ші орынбасары Нұрлан Кенжеғұлов, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен «Қазақстан Ұлттық» телеарнасының Түркістан облысы бойынша меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева және «Айғақ» телеарнасының Бас редакторы Ұлжан Наушабаева, ҚР Президентінің «Халық алғысы» медалімен «Рейтинг» ақпараттық-сараптамалық апталығының бас редакторы Бақытжан Әбдірашұлы марапатталады.


Сонымен қатар аймақтағы ақпарат саласының бірқатар майталмандарына Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Грамотасы мен Алғыс хаты, Түркістан облысы мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиевтің Алғыс хаты, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаевтың Алғыс хаты және Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің Алғыс хаты табысталды.


Сондай-ақ, БАҚ өкілдері арасында төрт жылда бір мәрте өткізілетін Республикалық спартакиадада топ жарған Түркістан облысының құрамасына арнайы Алғыс хат берілді. БАҚ қызметкерлері күніне орай өткізілген мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.