Түркістандық балуандар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

0
633

Жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.


Түркістандық балуандар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

Түркістан балуандары жастар арасындағы ел чемпионатынан жүлделі оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Талдықорған қаласында грек-рим күресінен жастар арасында ел чемпионаты аяқталды. Додаға республикамыздың барлық аймағынан іріктелген балуандары қатысып, өзара мықтыларын анықтады.


Түркістан облысының намысын қорғаған 60 келідегі Самандар Мадаминов алтын медаль иеленді. Ал, 72 келіде сынға түскен Нұрдаулет Тұрсын күміс жүлдеге қол жеткізді.


Түркістан облысының дарынды балуаны, 50 келідегі Асқар Нұрдаулет пен Элчинбек Розакуловтар қола жүлдегер атанып, жерлестерін қуантты. Түркістан облысының балуандары ел чемпионатында жалпыкомандалық үшінші орынды иеленіп, олжалы оралды.


Жігіттерді осы республикалық чемпионатқа жан-жақты дайындаған грек-рим күресінен Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Ерлан Акайдаровтың еңбегі зор.