Түркістандық балықшылар қызылордалық мамандармен тәжірибе алмасты

0
657

Балықшылар тәжірибе алмасты.


Түркістандық балықшылар қызылордалық мамандармен тәжірибе алмасты

Қызылорда облысының делегациясы «Тауарлық балық (акваөсіру) шаруашлығын дамыту мүмкіндіктері» туралы тәжірибе алмасу семинары аясында Түркістан облысының Келес ауданында болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған делегацияныҚызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жахановбастап, Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Жануарлар дүниесі бөлімінің басшысы БауыржанШаменов, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалының директоры Тынысбек Баракбаев, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы директорының орынбасары Ерлік Мусимов және Қызылорда облысында балық шаруашылығымен айналысатын бір топ кәсіпкерлері Түркістан облысы Келес ауданында орналасқан «Көшім» шаруақожалығының бүгінгі тынысымен танысты.

Қызылордалықтардың айтуынша, бүгінде Арал теңізінің суы тартылып, балықтың өнімі бұрынғыдан азайған. Ендігі мәселе, сол балық өнімдерін өздері қолдан өсіріп, көлге жіберу техналогиясын меңгеру мақсатында аталған жобаны көрші облысымыздың әкімдігі бастама жасапты.

Келес ауданында балық өсіріп, өнімін экспорттайтын ірі 4 шаруашылық бар. Соның бірі «Көшім» шаруақожалығы. Жұмысын 2019 жылы бастаған “Көшім” шаруа қожалығының негізгі күші балық өсіру және балық етін өндіру бағытында жұмыстарды атқаруда. Жер аумағы 100 гектарды құрайды. Жылына 400 тонна өнім алу қуаттылығы бар кәсіпорында 20 адамға дейін азаматтар жұмыспен қамтылуы көзделуде.

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан есіттік, Түркістан облысында 5 мың тоннадан астам балық өндіріледі екен. Кешеден бері облыс аумағындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, бүгін міне Келес ауданындамыз. Мұнда келуімізден мақсат ауылшаруашылығы саласында сіздерде енгізіліп жатқан жобаларды көріп, өзімізде тәжірибеге алуды қолға алмақпыз. Сол үшін облысымыздағы ірі балық сататын кәсіпкерлерімізді сіздер жақтың шаруаларымен тәжірибе алмасу мақсатында алып келдік. Көріп отырмыз үйренеріміз көп екен, егерде шаруаларға біздер жақтың көмегі керек болса, әрқашан дайынбыз» - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов.