Түркістандық баскетболшылар қола жүлдегер атанды

0
513

Енді тұрандықтар чемпиондық атақты сақтап қалуға күш салады.


Түркістандық баскетболшылар қола жүлдегер атанды

Щучинск қаласында баскетболдан Қазақстан кубогы аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


20-26 ақпан аралығында Щучинск қаласында әйелдер командалары арасында баскетболдан 2023 жылғы Қазақстан кубогы аяқталды. Қазақстан Ұлттық баскетбол федерациясы турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.


Турнирдің бас жүлдесін елордалық "Жолбарыстар-ҚазАТУ" командасы жеңіп алды. Ал Павлодарлық «Ертіс» екінші орын алып, күміс жүлдегер атанды. Өткен жылғы кубоктың иегері атанған Түркістан облысының «Тұран» арулары биыл қоланы қанағат тұтты. Енді тұрандықтар ел чемпионатында бар күш-жігерлерін салып, чемпиондық атақты сақтап қалуға күш салады.