Түркістандық бишілер Болгарияға жолдама алды

0
3 071

13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің хореографы И.Кенжеқұлова мен би тобының жетекшісі Л.Қилыбаеваның атына да мақтау Грамоталары берілген.


Түркістандық бишілер Болгарияға жолдама алды

фото: arys-akikaty.webpress.kz

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Арыс қаласына қарасты монтайтастық «Нұр шашу» би ансамблі Ресейдің Сочи қаласында өткен «Будущее планеты» атты халықаралық балалар және жасөспірімдер арасындағы шығармашылық конкурс-фестивалінің «Халық биі» номинациясында топ жарып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

13-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің хореографы И.Кенжеқұлова мен би тобының жетекшісі Л.Қилыбаеваның атына да мақтау Грамоталарына ие болды. Өз өнерлерімен көрермендерді де, әділқазы алқасын да таңдай қақтырып, қазақ қыздары мың бұралған билерімен қазақ өнерін шетелдіктерге паш етіп қайтты.

Бишілер І-дәрежелі дипломмен марапатталып қана қоймай, олардың өнеріне тәнті болған фестиваль конкурстың әділқазы мүшелері Болгарияда өтетін халықаралық конкурсқа жолдама беруді бірауыздан мақұлдаған. Бишілер тобы қазіргі таңда Болгарияға жол жүріп кетті.
Бір үйдің балаларындай болған «Нұр шашу» би ансамблі осылайша қазақ биін көпшілікке таныстырып, өз елінің патриоттары екенін дәлелдеді.