Түркістандық бишілер ел жеңімпазы атанды

0
995

Аталған би ұжымы бұрын да түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.


Түркістандық бишілер ел жеңімпазы атанды

Түркістандық "Шаттық" би тобы республикалық байқаудан бас жүлдені иеленді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Республикалық хореографиялық «Ақ шағала» би фестивальі өз мәресіне жетті. Аталған би байқауы еліміздің мәдениет саласындағы айтулы шаралардың бірі болып есептеледі. Фестивалді өткізудегі негізгі мақсат – оқушылардың хореографиялық дамуына үлес қосу, шығармашылық мүмкіндіктерін шыңдау және балалардың бойына мәдени құндылықтарды сіңіру болып есептеледі.

Атап өтсек, биылғы өткен би конкурсына еліміздің әр аймағынан 153 оқушы қатысып, бағы мен бабын сынаған. Осы орайда Түркістан облысының намысын Жетісай ауданы, Т.Рысқұлов № 20 жалпы-орта мектебінің «Шаттық» би ұжымы қорғағанын айта кету керек.

Мың бұралған бишілер байқауда түркістандық «Шаттық» би тобы «Кесе», «Кадриль» билерін сахналап, жүлделі I орынға ие болды. Би ұжымының жетекшісі Кенжехан Сапархалұлының айтуынша, бұл олардың алғашқы рет қатысып отырған байқауы емес. Аталған би ұжымы бұрын да түрлі байқауға қатысып, жүлделі орындар алып үлгерген.