Түркістандық дәрігерлер коронавирустың кері әсерімен күресуді үйренді

0
635

Қазақстан, Ресей, АҚШ пен Ұлыбритания және Украина елдерінің 2000-ға жуық білікті дәрігерлері қатысты.


Түркістандық дәрігерлер коронавирустың кері әсерімен күресуді үйренді

Түркістан облысының дәрігерлері коронавирустың кері әсерімен күресуді үйренді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының дәрігерлері Covid-19 салдарымен күрес пен неврологиялық асқынуларды емдеу бойынша тәжірибе алмасты. Коронавирусқа шалдыққан адамды себепсіз үрей мен қорқыныш билеуі мүмкін. Сонымен қатар, иіс пен дәм аурулары қаупі бар.Инсульт болуы мүмкін.

Бұл туралы «Ми ауруларын емдеу» атты екі күндік ғылыми-практикалық конференция барысында белгілі болды. Дәрігерлер басқосуын Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының қолдауымен Оңтүстік-Қазақстан медициналық академиясы ұйымдастырды. Онлайн форматта өткен халықаралық шараға Қазақстан, Ресей,АҚШ пен Ұлыбритания және Украина елдерінің 2000-ға жуық білікті дәрігерлері қатысты.

Ресейлік мамандар коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастарда дәм, иіс сезбеу, инсульт аурулары неврологиялық асқынулар ретінде пайда болатынын айтты.Ковидтен кейінгі клиникалық белгілердің тағы бірі жүйке жүйесінің бұзылуы болуы мүмкін - негізсіз үрей мен қорқыныш.

Конференция нәтижесінде I, II, III дәрежелі жеңімпаздар анықталды.Олар арнайы дипломдармен марапатталды.