Түркістандық диқандар алғашқы өнімдерін жинай бастады

0
467

Алынған өнім көлемі 2988,9 тоннаны құрады.


Түркістандық диқандар алғашқы өнімдерін жинай бастады

Төлеби ауданында 10395 адам вакцинацияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы қолға алынған болатын. Әсіресе, 2-3 гектар жері бар агроқұрылымдар үшін бұл бағытты ендірудің маңызы зор.

Осы орайда Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша 2021 жылы 93 шаруа қожалық 180,83 гектар жерге бірінші өнім қырыққабат отырғызған. Бүгінгі таңда егіс егілген жерден алғашқы өнімдерін алып, Ресей Федерациясына, Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да облыстарға жөнелтілуде. Алынған өнім көлемі 2988,9 тоннаны құрады.

Диқандар тынымсыз еңбектерінің арқасында жұмыстарының табысты нәтижесін көруде. Осылайша, Сарыағаш ауданының шаруалары жылына бірнеше рет өнім алу жобасын тиімді қолдануда.