Түркістандық дзюдошылар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

0
804

Өңірден 20-дан астам балуан қатысты.


Түркістандық дзюдошылар ел чемпионатынан жүлдемен оралды

Түркістан облысының спортшылары ел біріншілігінен жүлде еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ақтау қаласында дзюдодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додаға Түркістан облысынан 20-дан астам балуан қатысты.


Ерлер арасында 90 келі салмақ дәрежесінде Түркістан облысының үміті Айдар Арапов алтын медаль иеленді. Ал 100 келіде талантты балуан Рауан Назымханов күміс жүлдегер атанды. 81 келіде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Бексұлтан Ашен қола жүлдені жеңіп алды. Ал қыздар арасында 78 келідегі бұрымды балуанымыз Назгүл Есімбек алтын медаль олжалады.


Жекелей сында түркістандық балуандар ұлдар арасында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілесе, қыздар арасында 1 алтын жүлдеге қол жеткізді. Осы арқылы спортшыларымыз командалық есепте 3-ші орынға тұрақтады. Дүбірлі сынға Түркістан облысының спортшыларын дзюдо күресінен аға жаттықтырушы Мейіржан Қалтаев бастап барды.