​Түркістандық есушілер Азия чемпионатында бақ сынады

0
1 020

Жеңімпаз спортшылар келесі жылы Әлем чемпионатында бақ сынайды. Айтулы дода 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылатын болады.


​Түркістандық есушілер Азия чемпионатында бақ сынады

2018 жылдың 21 қазан күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында параканоэден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен жарысқа Азия құрлығының 6 мемлекеті - Өзбекстан, Қазақстан, Иран, Тайланд, Үндістан және Жапониядан 66 ға жуық есушілері қатысты. Чемпионаттың қортындысы бойынша Қазақстан құрама командасының параканоэшілері 1 күміс, 1 қола медалін жеңіп алды.
Осы орайда айта кетсек, Ел құрама командасында түркістандық спортшыларда бақ сынады. KL-3 бойынша 200 метрге Жалғас Тайкенов мәре сызығына екінші жетіп келіп, күміс медалінің иесіне айналды.
Ал, KL-2 бойынша 200 метрге сайыстарда Бибарыс Спатай қола медалін жеңіп алды.
Осы орайда айта кетсек, жеңімпаз спортшылар келесі жылы Әлем чемпионатында бақ сынайды. Айтулы дода 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ойнатылатын болады.