​Түркістандық кәсіпкер әлеуметтік дүкен ашты

0
2 873

Мұндай игі бастаманы аудан әкімі мен әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолдау көрсетіп, өзге де ауылдарда ашуды көздеп отыр.


​Түркістандық кәсіпкер әлеуметтік дүкен ашты

суреттер: Келес ауданы әкімдігінің ресми парақшасынан

Түркістан облысының Келес ауданында жеке кәсіпкер әлеуметтік дүкен ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданы әкімдігі және аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен, Абай ауылындағы «Әуес» сауда орталығында аудандағы тұрмысы төмен отбасыларына арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Әлеуметтік дүкен жеке кәсіпкер Ұлбосын Рүстемова және аудандағы кәсіпкерлердің демеушілігімен жұмысын бастады. Дүкенде киім-кешек және ұн, май және басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті заттар бар.

Дүкеннің ашылу салтанатына аудан әкімі А.Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков, аудан әкімінің орынбасарлары А.Сексенбаев, С.Қарақұлов және ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Куралбаева арнайы қатысты.

Мұндай халық игілігі үшін маңыздылығы айрықша әлеуметтік дүкендер алдағы уақытта өзге де ауыл округтерінде ашылу көзделіп отыр.

Дереккөз: Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі