Түркістандық кәсіпкер жасанды тыныс алу аппараттарын алып берді

0
787

Бұл құрылғының мүмкіндігі зор.


Түркістандық кәсіпкер жасанды тыныс алу аппараттарын алып берді

Қазығұрттық кәсіпкер аудандық ауруханаға жасанды тыныс алу аппаратын алып берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданынан шыққан кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.

«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етуде. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақтылы жәрдем көрсете алады», – деп аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.

Атап өтсек, барлық жағдайды ескере отырып, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 5-19 шілде аралығында «Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысын» жариялаған болатын. Шектеу шараларының барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз үндеуінде «бұл індетті ел болып, бірлескен күш-қуатпен жеңеміз» – деп айтып өткен болатын. Осындай күрделі кезеңде ауданан шыққан жанашыр азамат, елін ұмытпай үлкен көмек көрсетіп отыр.