Түркістандық кәсіпкерлер ауруханаға 20-ға жуық тыныс алу аппаратын сыйлады

0
805

Ауданның ерікті азаматтары қажетті медициналық құрылғыларды Алматы қаласынан сатып алып келген.


Түркістандық кәсіпкерлер ауруханаға 20-ға жуық тыныс алу аппаратын сыйлады

Сайрам ауданының кәсіпкерлері ауруханаға 20-ға жуық тыныс алу аппаратын тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ерікті Б.Хасантаевтың бастамасымен сайрамдық кәсіпкерлер өз тарапынан 5 млн теңге көлемінде қаржы жинап, оның 3,5 млн теңгесіне 19 дана «Бобров» медициналық тыныс алу құрылғыларын сатып алған. Қазіргі уақыттағы пандемия мен пневмонияның салдарынан өкпе қабынуы мен коронавирус індетіне шалдыққан науқастарға аса қажетті құрылғылар аудандық орталық ауруханаларға орнатылды.

Атап айтсақ, ауданның ерікті азаматтары қажетті медициналық құрылғыларды Алматы қаласынан сатып алып келген. Сондай-ақ, олар оттегі баллондарын толтыру жұмыстарына да атсалысуда. Одан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігінен артылған қаражатқа ауруханаға қажетті азық-түліктер алынған. Себебі, онда емделушілермен қатар, қауіпті дертті емдейтін медицина қызметкерлері де 14 күнге дейін үйінен оқшауланып, сонда қызмет көрсетіп келеді.

Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша Ақсукент және Қарабұлақ орталық ауруханаларында 87 орын бар. Қосымша Қарабұлақ ауылындағы «САПА» жекеменшік медициналық орталығынан тағы 30 орын ашылған.