Түркістандық кәсіпкерлер көпір жөндетіп, асфальт төсетті

0
638

Ынтымағы жарасқан ауданның мақтанышына айналып отыр.


Түркістандық кәсіпкерлер көпір жөндетіп, асфальт төсетті

Сайрам ауданының бірқатар кәсіпкерлері игі іс ұйымдастырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сайрам ауданының бірқатар кәсіпкерлері бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауданның мақтанышына айналып отыр. Атап өтсек, жергілікті кәсіпкер Ділмұрат Әріпқұловтың демеушілігімен Сайрам ауданы Қожақорған елді мекеніндегі «Достық» көпірінің жаяу жүргіншілердің жүруіне жарамсыз бөлігі жөндеуден өткізілген.

Сондай-ақ, "Ауыл- Ел бесігі" бағдарламасының "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" аясында жергілікті кәсіпкерлер Ф.Нишанқұлов, М.Джуманов және И.Юлдашовтардың демеушілігімен «Елтай баба» көшесінің 130 метріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетсек, қазіргі таңда Түркістан облысының кәсіпкерлері ел игілігі үшін түрлі бастамаларға үлес қосып, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып келеді. Оның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесу, елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты медициналық препараттар сатып әперу, дәрігерлерге түскі ас үлестіру, азық-тұлік тарату сынды іс-шаралар бар.

Алдағы уақытта өзге де кәсіпкерлер осындай әріптестерінің бастамасынан үлгі алып, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жоюға осылай үлес қосуды әдетке айналдырса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.