Түркістандық құрама үшінші рет финалға шықты

0
770

Ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.


Түркістандық құрама үшінші рет финалға шықты

"Мақтаарал" КТА құрамасы ақтық сынға жолдама алды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатовтың "Көңілді тапқырлар алаңы" телевизиялық лигасының ширек финалында ойын көрсеткен "Мақтаарал" КТА құрамасы ең жоғарғы көрсеткішпен финалға жолдама алды.

Аудан әкімі Бақыт Асановтың тікелей қолдауымен ойын көрсетіп жүрген топ өткен жылы ІІ орынмен маусымды аяқтап, вице-чемпион атанған болатын.

2018 жылы жаңадан құрылған Мақтаарал ауданының атынан шыққан командаға әзілкеш, шоумен Хамит Ердехан жетекшілік етеді. Сондай-ақ, команда жайдарман ойындарында чемпион болған "Сырдария" құрамасының белді ойыншыларынан құралған.

"Биылғы пандемияға байланысты КТА ойындары залдағы көрерменсіз өтуде. Дегенмен, бұл біздің ауданның құрамасының көңіл-күйіне әсер ете алмайды. Тікелей эфир, онлайн арқылы қолдап отыратын көрермендеріміз баршылық. Биылғы финалға 5 команда қатысады. Барлығы да кіл мықты. Сондықтан, жерлестерімізді әрі қарай командамызды қолдауға шақырамын!"- деді ауданның "Жастар ресурстық орталығы" КММ-ның директоры Сүндет Кенжебаев.

Айта кетейік, "КТА" телевизиялық ойындары - еліміздегі көрермені ең көп жобалардың бірі саналады.