Түркістандық «қылмыс әлемінің серкесі» ұсталды

0
3 033

Бизнесі мен бала-шағасының тыныштығы үшін жәбірленуші бас аяғы 214 млн теңге төлеп келген


Түркістандық «қылмыс әлемінің серкесі» ұсталды

иллюстрациялық фото: ng72.ru

ERNUR.KZ. Түркістан облысында кәсіпкерден ақша алып келген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қаласының ірі кәсіпкерін жылдар бойы бопсалаған қылмыс әлемінің серкесі сотталды. "Түркістандық Ероха" деп аты шыққан Ералхан Сүлейменов ауқатты бизнесменнің кәсібі мен отбасының тыныштығы үшін ай сайын 10 мың АҚШ долларын талап еткен. Сотталушы Сүлейменов сотүкімімен 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот 2009 жылдан бері Ералхан Сүлейменов түркістандық ірі кәсіпкерден бопсалап ай сайын 10 мың АҚШ долларын алып келгенін анықтады. Бизнесі мен бала-шағасының тыныштығы үшін жәбірленушібас аяғы 214 млн теңге төлеп келген.

Сот Ералхан Сүлейменовты үлкен сомадағы бопсалау мен алаяқтық үшін кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияда 11 жыл бас бостандығын өтеу туралы үкім шығарды. Жәбірленушінің 213 888 теңге төлеу туралы талап арызын қанағаттандырды.Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Содай-ақ, «Түркістандық Ероха» қылмыс әлемінде"Шымкенттің серісінің"әкесі ретінде де танымал.Сотталушының ұлы Исмаил былтырғы жылдың тамыз айында Шымкент қаласының Қонаев көшесінде төрт жұмысшыны қағып өлтірген болатын. Исмаил сотты болып, бірақ рақымшылыққа ілініп, бірден бостандыққа шығарылған еді.