Түркістандық оқушылар роботехника жарысында бас жүлдеге қол жеткізді

0
590

FIRST жарысына 80-нен аса команда 1500-ден аса оқушы қатысып, бақ сынады.


Түркістандық оқушылар роботехника жарысында бас жүлдеге қол жеткізді

«Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының республикалықткезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «USTEM Robotics» – Қазақстан және Орта Азия Робототехника дамыту» қоғамдық қорының STEM білім беруді дамытудың жол картасы аясында «Central Asia FIRST Championship 2023» робототехникадан Халықаралық жарысының (FIRST жарысы) республикалық кезеңі 2023 жылдың 24 - 26 ақпан аралығында Астана қаласындағы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында өткізілді.


Жарыстың негізгі мақсаты – STEM дағдыларды, цифрлық технологиялар ғылымдарын тарату және танымал ету, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникаға қызығушылығын арттыру.


FIRST жарысына 80-нен аса команда 1500-ден аса оқушы қатысып, бақ сынады. Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Төлеби ауданы мамандандырылған мектеп-интернатынан «Future Talents» командасы «ROBOT DESIGN» жарысынан бас жүлдені, «TeenLights» командасы «INNOVATION PROJECT» жарысынан I орынды, М.Тасова атыңдағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатыныі «Tasova» командасы «RISING ALL-STAR» сайысы бойынша I орынды жеңіп алды. Команда жетекшілері: С.Далмырзаев, А.Кенжеева, М.Омаров және И.Парпиев.