Түркістандық өнімдер бас қаладағы жәрмеңкеге қойылды

0
773

Бүгін-ертең сатылымда болады.


Түркістандық өнімдер бас қаладағы жәрмеңкеге қойылды

Түркістандық ауыл шаруашылығы өнімдері Елордада сатылып жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі бастау алды.

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі "Хан шатыр" ойын-сауық-сауда орталығының маңында биыл да өз жалғасын тапты.

Аталған сауда-саттық жәрмеңкесіне Сайрам ауданының өнімдері де жөнелтілген. Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев бастап барды.

Бүгін-ертең, яғни 5-6 қыркүйек күндері Сайрам ауданынан жеткізілген жалпы 32 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңке сатылымында болады.

Оның 16 тоннасы - көкөніс, 2 тоннасы - ет, тағы 2 тоннасы - шұжық өнімдері. 2 тонна сүт өнімдері, 10 тонна алма және алма шырындары да бар. Өнімдер жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 15-20% төмен бағада сатылуда.