Түркістандық полицей қызметтік көлігімен жол апатын жасады (видео)

0
1 087

Полиция қызметкері қызметтік көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.


Түркістандық полицей қызметтік көлігімен жол апатын жасады (видео)

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Арыста учаскелік инспектор қызметтік көлігімен жол апатын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Арыс қаласында учаскелік инспектор қызметтік көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысқан.

ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев:

«19 қаңтарда Түркістан облысының Арыс қаласында қызметтік көлігін тізгіндеген учаскелік инспектор жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді», - деп мәлім етті.

видео: әлеуметтік желіден

Департамент директорының айтуынша, қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Медициналық сараптама актісіне сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Оқиғаға байланысты қосымша сараптамалар тағайындалып, Түркістан облыстық Полиция департаментінде қызметтік тексеру жүріп жатыр.