Түркістандық полицейлер браконьерлерді ұстады

0
1 237

Жергілікті полиция қызметкерлері бұдан басқа да заңсыз қылмыстарды анықтады.


Түркістандық полицейлер браконьерлерді ұстады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының полицейлері браконьерді қабан етімен ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың қаңтарында Түркістан Облысы ПД ЖПҚ табиғат қорғау полициясы Арыс ауданындағы рейдтік іс-шарасы уақытында заңсыз жабайы аңдарды аулаған браконьерді тұтқындады. Тінту барысында күдіктінің машинасынан аң аулау қаруын оқ-дәрісімен, пышақ және 30 келіге жуық жабайы қабан етін тауып тәркіледі. Бар жағдайды анықтау үшін ұсталған күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Болған жайт Арыс АПБ ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аңшылық» қылмысы ретінде СДТБТ тіркелді. Қазіргі уақытта браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бұдан басқа да жергілікті полиция қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары ауқымында 4 экологиялық қылмыс және 40 әкімшілік құқықбұзушылық, оның 10-ы аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің талабын бұзушылық, 17 балық аулау ережесін бұзушылық және 16 басқа да табиғат қорғау заңнамасы аясындағы құқықбұзушылықтарды анықтады. Құқықбұзушылықтар үшін енгізілген жалпы айыппұл мөлшері 250 мың тенгені құрап отыр.

дереккөз: Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі