Түркістандық полицейлер үлгілі істер атқарып жатыр

0
591

Керек-жарақтармен, азық-түліктермен қамтамасыз етіп, бұған қоса полиция тарапынан арнайы қаржылай көмек көрсетті.


Түркістандық полицейлер үлгілі істер атқарып жатыр

Арыста жағдайы төмен отбасылар азық-түлік, керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық полицейлер жалғызбасты тұрғындарға, асыраушысынан айырылған, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетуде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Осыған орай Арыс АПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қ.Орынбаев бастамасымен жеке құрам жасақталып, аудан аумағында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.


Аталған іс-шара барысында полицейлер Баламекен ауданынан атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж мекен-жайды анықтап, жалғызбасты ананытұрмыстық керек-жарақтармен, азық-түліктермен қамтамасыз етіп, бұған қоса полиция тарапынан арнайы қаржылай көмек көрсетті.